Украиналық опера әншісі Димаш Құдайбергенге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді
Украиналық опера әншісі Виктория Булеева қазақстандық танымаш әнші Димаш Құдайбергенге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ait Media.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, әсерлі жазбасымен бөлісті. Оның айтуынша, Будапешт қаласында өткен концерт өміріндегі ең маңызды сәттердің біріне айналған.
«17 мың көрермен. 17 мың жүрек бізбен бірге соқты. Сахнада болған жайтқа әлі де сене алар емеспін… Бұл – менің үлкен арманым еді», – деп жазды ол.

Виктория Булеева бұл кеште әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсеткенін атап өтті. Атап айтқанда, Пласидо Доминго, Пласидо Доминго кіші, Елена Дудочкина және Мансұр Құдайберген сияқты танымал тұлғалармен бір сахнада ән шырқаған.
Сонымен қатар,Виктория бұл мүмкіндікті үлкен мәртебе әрі бақыт деп атады. Жазбасында ол Димаш Құдайбергенге ерекше алғыс білдіріп, бұл кездесудің өзі үшін аса маңызды болғанын жеткізді.
«Құрметті Димаш, бұл кездесу мен үшін өте маңызды әрі қымбат. Көпшілік бұл дуэтті ұзақ күтті, және бәрі тағдырдың жазуымен болғандай әсер қалдырды. Сахнада бірге жасаған сәт – ұмытылмас», – деді әнші.


Сондай-ақ ол концертті ұйымдастырған Virtuosos Talent Show командасына кәсібилігі үшін алғыс айтып, бұл тек бастамасы екенін атап өтті.