Роза Рымбаева мен Тұрсын Алагөзов Kazakhstan Fashion Week-те көзге түсті
2026 жылдың 16 сәуірінде Алматыда өткен Kazakhstan Fashion Week финалдық көрсетілімінде дизайнер Аида Қауменова «Роза в розах» атты жаңа топтамасын ұсынды, деп хабарлайды Ait Media. Коллекция қазақ эстрадасының алтын дауысы Роза Рымбаева-ның сахнадағы 50 жылдық мерейтойына арналды.
Көрсетілімнің ерекше сәтінде Роза Рымбаева алғаш рет KFW сахнасына шығып, «Любовь настала» әнін орындады. Шараға әншінің ұлдары Әли мен Мәди де қатысып, анасының өнерін телефонға түсіріп отырды.

Коллекция негізінен әйелдерге арналған костюмдер мен көйлектерден тұрды. Ерекше бір образды кәсіпкер Тұрсен Алагузов көрсетті. Ол қара шалбар мен свитер киіп, үстіне алтын кестелі сұр жакетпен шықты. Подиумде Тұрсын Алагөзов жақында трендке арналған өзінің авторлық биін де орындады.
Дизайнер Аида Қауменованың жаңа топтамасында қытай мотивтері мен гусар костюмдеріне сілтемелер байқалды. Негізгі назар түстерге емес, маталардың фактурасына аударылған. Роза Рымбаеваның образында ақ түсті мата гүлдері қара костюммен үйлестірілген.
Сонымен қатар, Kazakhstan Fashion Week-тің 38-маусымында талантты дизайнерлердің жұмыстары да назарға ілікті. Якутиядан келген жас дизайнер Сандаара Порохонько байқауда Гран-при иегері атанды. Ол Арктикалық мемлекеттік өнер, мәдениет және креативті индустриялар университетінің үшінші курс студенті.
Жас дизайнердің жобасына оның ұстазы, дизайнер әрі оқытушы Лилиана Алексеева жетекшілік еткен. Олар Ресей атынан қатысқан жалғыз өкілдер болды. Коллекция эскиздері қаңтар айынан бастап әзірленіп, ерекше авторлық жұмыстар дайындалған.
Kazakhstan Fashion Week (KFW) — Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығы, ал 2026 жылы өз жұмыс істеп келе жатқанына 21 жыл толып отыр.