Ресейдегі қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізілді
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс немесе оқу мақсатымен баратын Қазақстан азаматтары «RuID» қосымшасын міндетті түрде пайдалануы тиіс, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралыҚазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы жариялады.
Ресей Федерациясына жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін Қазақстан азаматтары үшін жаңа цифрлық талап енгізіледі.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейдегі шетел азаматтары, соның ішінде қазақстандықтар, Ресей аумағына кірер алдында «Госуслуги RuID» мобильді қосымшасында жеке профиль құрып, елге келу туралы электрондық өтінішті кемінде 72 сағат бұрын жолдауға міндетті болады.
Өтініш қаралғаннан кейін жүйе арқылы QR-код қалыптастырылады. Бұл код шекарадан өтуге рұқсатты растайды және 90 күн бойы жарамды болады.
Сонымен қатар, Бас консулдық Ресейге баратын Қазақстан азаматтарына арнайы жадынамамен сілтеме арқылы алдын ала танысу қажеттігін ескертті.