AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.62
471.46
EUR 2.90
555.38
RUB 0.08
6.18
CNY 0.38
69.12

Қазақстанда ерте жүктілік деңгейі бойынша оңтүстік өңірлер көш бастап тұр

Screenshot 2026-04-17 111602
Фото: Pexels

Ranking.kz мәліметіне сәйкес, 2025 жылы 15–19 жас аралығындағы туу коэффициенті орта есеппен 12,96 құрады, деп хабарлайды Ait Media.

Қазақстанда өкінішке қарай, кәмелетке толмаған қыздардың жүктілігі мен босануы әлі де тіркеліп келеді. Мұндай жағдайлардың бір бөлігі зорлық-зомбылық салдарынан орын алатыны да алаңдатады.

Өткен күзде елде бір айдың ішінде бір-біріне ұқсас екі оқиға қоғамның назарын аударды: Ақтөбе облысында 14 жастағы қыз әжесінің күйеуінен босанса, Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы көршінің зорлығынан кейін ана атанғаны хабарланған еді. Бұл фактілер кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстардың салдарын көрсетеді.

Мамандардың мәліметінше, ел бойынша ерте жүктілік көрсеткіштері өңірлерге қарай айтарлықтай ерекшеленеді. 2025 жылы 15–19 жас аралығындағы қыздар арасындағы туу коэффициенті орта есеппен 1 мың қызға шаққанда 12,96 болды. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 10,4 болса, ауылдық жерлерде 16,63-ке дейін жетеді.

Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер оңтүстік және батыс аймақтарда тіркелген. Атап айтқанда, Жамбыл облысында 15–19 жас аралығындағы туу коэффициенті 19,67, Маңғыстау облысында 18,87, ал Түркістан облысында 18,51 деңгейінде болған. Бұл — жоғары көрсеткіштер қатарында. Дегенмен мамандар ерте жүктілік деңгейінің жоғары болуы әрқашан жалпы туу деңгейінің жоғары екенін білдірмейтінін ескертеді.

Сонымен қатар, 10–14 жас аралығындағы қыздар арасындағы туу жағдайлары да кей өңірлерде тіркелген. 2025 жылы мұндай көрсеткіш Ұлытау облысында (0,1), Қарағанды облысында (0,05), Қостанай облысында (0,03), сондай-ақ Жамбыл, Ақтөбе және Түркістан облыстарында (әрқайсысы 0,02) деңгейінде байқалған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.