AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.07
476.97
EUR 7.29
562.59
RUB 0.03
6.27
CNY 0.47
69.98

«Қатты кеткісі келгенге ұқсамайды»: желіде үйінен қашқан иттің ұсталған видеосы тарады

Дизайн без названия (21)
Фото: threads.com/@laauralyn

Желіде ер адамның үйінен қашпақ болған Ақтөс есімді үлкен итті қолына көтеріп, қайта үйіне сүйреп әкеле жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ait Media.

Видеода ер адам аулада қашып кетпек болған итін ұстап алып, оны сабырмен көтеріп, қайта үй жаққа алып бара жатқаны көрінеді. Осы сәтте Ақтөс екі артқы аяғымен жерді басып, иесімен бірге «жүріп келе жатқандай» кейіп танытады. Бойы иесіндей үлкен ит үйден шығуға әрекет етсе де, оның үйге қайтуға қарсылығы байқалмайды.

Тағы бір сәтте ер адам жолдан өтер алдында айналасына қарап, көліктердің бар-жоғын тексереді. Дәл сол мезетте ит те иесінің әрекетін қайталап, жан-жағына қарап тұрғандай әсер қалдырады. 

Автор "Жаным Ақтөс, миссия побег провалена" деген жазба қалдырған.

View on Threads

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, әзіл-шыны аралас комментарий қалдыруда:

«Ақтөс тек серуендеп қайтқысы келген сияқты»
«Иесі де, иті де сабырлы екен»
«Қатты кеткісі келгенге ұқсамайды, тез қайтыпты ғой»
«Үйден қашу жоспары сәтсіз аяқталған классика»

Кейбір қолданушылар мұндай жағдай үй жануарларының қызығушылығы мен еркіндікке ұмтылысынан болатынын айтып, видеоны жылы қабылдады.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.