AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.03
469.49
EUR 1.16
552.59
RUB 0.09
6.24
CNY 0.05
68.87

АҚШ пен Иран келіссөздерінің нәтижесіз аяқталуының себептері – әскери сарапшы пікірі

скр
Фото: Видеодан скриншот

Kazinform мәліметінше, келіссөздердің ешқандай нәтиже бермеуіне бірнеше себеп бар, деп хабарлайды Ait Media. Бұл жөнінде журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы BIZDIÑ ORTA подкастында айтты.

Оның сөзінше, бұған дейінгі келісімдер барысында АҚШ сөзден тайқып, соққы жасаған кездер болды.

– Иран Сыртқы істер министрі Аракчидің өзі: «Біз дипломатиялық келіссөздер барысында соққы жедік. Сондықтан Америкаға ешқашан сенбейміз», - деген ұстанымын бірнеше рет мәлімдеген, – деді ол.

Екіншіден, ең басты фактор – ядролық қару жасау ықтималдығы, уранды байыту мәселесі.

– Иран ядролық бағдарламадан бас тартатынын байқатпай отыр. Ал Американың талабы да – осы, яғни Иран ядролық бағдарламадан бас тартуы тиіс. Не болмаса, АҚШ Иранда жасырылып жатқан 400 келі шамасындағы байытылған уранды алып кететін болса, соғыс аяқ астынан тоқтауы да ғажап емес. Әзірге ол Американың қолына түспеген сияқты. Сондықтан көпшілік бұл келісімдер нәтижесіз болады деп болжады. Расында да, солай болды, – дейді сарапшы.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.